Дәрігер қызанақ пен қиярдан жасалған салаттың пайдасын жоққа шығарды
Фото: timolina / freepik
Танымал әрі салауатты өмір салтын ұстанушылар арасында жиі тұтынылатын қызанақ пен қиярдан жасалған салаттың пайдасы асыра бағаланады. Бұл туралы Санкт-Петербургтегі "СМ-Клиника" медициналық орталығының гастроэнтерологы Андрей Констанденков Lenta.ru басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маманның сөзінше, бұл салат жеңіл, витаминдерге бай және ас қорытуды жақсартады деген пікір кең таралған. Алайда ол қызанақ пен қиярдың пайдалы микроэлементтері көп болғанымен, олардың құрамындағы жасұнық (клетчатка) мөлшері өте аз екенін алға тартады. Бұл дайын салаттың қоректік құндылығын айтарлықтай төмендетеді.
Мысалы, 100 грамм қызанақта бар-жоғы 1,2–1,5 грамм, ал 100 грамм қиярда 0,5–0,7 грамм ғана тағамдық жасұнық бар. Демек, 400 грамм салат (бұл қалыпты үлкендеу порция) бар болғаны шамамен 5 грамм ғана жасұнық береді. Ал бұл — өте аз. Себебі ересек адамға тәулігіне 25–30 грамм жасұнық қажет.
Осыған байланысты Констанденков салат дайындағанда қияр мен қызанақпен бірге клетчаткаға бай өнімдерді қосуды ұсынады. Мәселен, ақбас қырыққабаты, қызылша, сәбіз, авокадо секілді көкөністер пайдалы болмақ. Сонымен қатар салатқа жаңғақтар, дәнектер немесе зығыр дәнін қосу да жақсы шешім — олар тағамның қоректік тығыздығын арттырады және қосымша клетчаткамен қамтамасыз етеді.
"Алғашында мұндай құрам таңсық көрінуі мүмкін, бірақ шын мәнінде бұл өнімдер бір-бірімен жақсы үйлесіп, тамақтану мәзірін әрлендіре түседі", — деді дәрігер.

"Бор мен қағазды өзіміз сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығына шағымданды
