Дәрігер кімге қауын жеуге болмайтынын түсіндірді
Қауынның жұмсақ іш жүргізетін әсері бар екені анықталды, дейді диетолог.
Сол себепті бұл өнімнен кімге бас тартқан дұрыс екенін диетолог Ольга Кораблева айтты, деп хабарлайды Stan.kz агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Қауын - калориясы төмен болғанына қарамастан, қорытылуы қиын өнім: 100 грамм өнімге шамамен 35 килокалория. Қауынды аш қарынға немесе басқа тағаммен, соның ішінде жеміс-жидекпен жеуге болмайды – бұл газ немесе диарея тудыруы мүмкін", – деді Ольга Кораблева.
Дәрігердің айтуынша, ең жақсы нұсқа – тамақтанғаннан кейін бір сағат күту.
"Қауынның жұмсақ іш жүргізуші қасиеті болғандықтан, оны ішектің жұмысында қандай да бір төмен көрсеткіштер болған жағдайда тұтынудың қажеті жоқ: өнім бұл проблемаларды ушықтыруы мүмкін", – деп ескертті маман.
Диетологтың айтуынша, егер гастрит, жедел панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), холецистит (өт қабының қабынуы), асқазан жарасы өршуі байқалса, онда қауыннан бойды аулақ салу қажет.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"