Дәрігер инфаркттың алдын алуға көмектесетін төрт ережені атады

Фото: pixabay.com
Бакулев атындағы жүрек-тамыр хирургиясы орталығы директорының орынбасары Юрий Бузиашвили инфракттың алдын алу үшін келесі төрт ережені ұстануға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Aif.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кардиологтың сөзінше, инфрактқа алып келетін ең көп тараған дерт – жүректің ишемиялық ауруы. Оның алдын ау үшін маман майлы тағамды аз тұтынып, көкөніс, балық пен жасұнықты көп тұтынуға кеңес берді. Сонымен қатар физикалық белсенділік те жүрекке пайдалы дейді. Бұл үшін күнделікті 30 минут көлемінде серуендеу қажет.
Бузиашвили жүрек-қан тамыры ауруларының алдын алуда қан қысымы, холестерин мен глюкоза деңгейін бақылау маңызды дейді. Мұны 40 жастан асқанда істеу өте маңызды екен. Сондай-ақ маман темекіден бас тартуға шақырды. Өйткені шылым шегу тамыр ауруларының басты себебі екен.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"