Дәрігер: Баян Есентаеваның мұрнына пластикалық ота жасау қажет
Дәрігерлер бүгінде Баян Есентаеваның денсаулығы жақсарғанын айтып жатыр. Десе де, оның мұрнына пластикалық ота қажет екенін жасырмайды.
Фото: instagram.com/bayanyessentayeva_/
Бұл туралы Тoday.kz хабарлайды.
Маусымның 10-күні күйеуі пышақтаған Баян Есентаева Талғар аудандық ауруханаcына шұғыл жеткізілді. Аталған ауруханада Есентаеваға үш сағатқа жуық уақыт ота жасалды. Бүгінде денсаулығы жақсарып, продюсер үйіне шығарылған. Дәрігерлер әлі де бір ай уақыт мамандардың қатаң бақылауында болып, емделуі қажет екенін айтып жатыр.
Баян Есентаеваға ажал аузынан аман алып қалған дәрігер оған пластикалық ота жасалуы мүмкін екенін айтты.
“Пласикалық отаның қалай жасалатынын бет пен жақсүйек хирургі шешеді. Менің ойымша, оған мұрын сүйектерін қалпына келтіру қажет. Көзін офтальмолог және окулист мамандар емдейді.
Көзі орнында болғанымен, қан құйылып, қарашығы зақымданған. Дәл қазір қозғалады және дұрыс көреді. Шығаратын кезде денсаулығының жақсара түскенін байқадық. Көзі де дұрысталады деген үміттеміз”, – дейді хирург Ербол Сәрсенбаев.
Дәрігерлер мен отбасы продюсерге бір апта бойы интернетке кіруге тыйым салған екен. Өзі туралы жаңалықтарды естіп, күйзеліске түсіп кетеді деп ойласа керек.
Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.
Жіберіп алмаңыздар:
Есентаеваға ота жасаған хирург оның денсаулығы жайлы айтты
Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)
Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)
Айсәуле Бақытбек: Әкеме деген сезімімді сендер елестете де алмайсыңдар