Дәрігер ата-аналарды балаларын өз бетінше емдемеуге, дене қызуын түсіретін дәрілерді мұқият қолдануға шақырды
Фото: freepik.com
Инфекционист дәрігер ата-аналарға балаларды өз бетінше емдемеуге және қызуды түсіретін дәрілерді бақылаусыз бермеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғары білікті педиатр дәрігер Роза Баженова ЖРВИ және тұмау белгілері кезінде ата-аналарға қайда жүгіну керектігін, қандай асқынулар байқалатынын және баланы вирус маусымында қалай қорғау керегін егжей-тегжейлі айтып берді.
Дәрігер ата-аналар көбінесе сағат 18:00-ден кейін баланың жоғары температурасын көріп, дереу инфекциялық ауруханаға баратынын, мұның дұрыс емес екенін айтады.
Дәрігердің айтуынша, алғашқы белгілер байқалған жағдайда күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жазылусыз қабылданатын емханалардың сүзгі-кабинеттері мен жедел жәрдем кабинеттеріне бару қажет. Егер баланың жағдайы нашарлап, құсу пайда болса, бала тамақ пен ана сүтінен бас тартса, дереу жедел жәрдем шақыру керек.
Дәрігер балаларды өз бетінше емдеуге болмайтынын қатаң ескертті.
Тұмаудың өршуіне байланысты Қазақстанда оқушыларды онлайн оқуға ауыстырып жатыр
Астаналықтар дәріханаларда вирусқа қарсы препараттардың тапшылығына шағымданып жатыр
Қазіргі маусымда А тұмауы вирусы (H3N2) таралады. Негізгі белгілері:
- ыстықты түсіретін дәрі әсер етпейтін жоғары дене қызуы, тұрақты қызба,
- тырысулар - тіпті қосалқы аурулары жоқ мүлдем дені сау балаларда да байқалады,
- ларингит, көмейдің ісінуі,
- іштің ауыруы және асқазан-ішек жолдарының зақымдануы,
- әлсіздік.
Дәрігер ата-аналарды ыстықты түсіретін дәрілерге мұқият болуға шақырды.
“Парацетамол мен ибупрофенді қатаң түрде жас мөлшерінде қолдану керек. Парацетамолдың артық дозасы бауырдың зақымдалуына және басқа да ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Балаларға аспирин бермеңіз, Рей синдромының қаупі бар”, – дейді дәрігер.
Балалар инфекционисті ата-аналарға вирустармен күресуге көмектеспейтін антибиотиктерді балаларға өз бетінше тағайындаудан сақтандырады. Сондай-ақ, вирусқа қарсы препараттарды тек дәрігердің нұсқауы бойынша және қатаң көрсетілімдер бойынша ғана қабылдау қажет.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада гонконг тұмауы тарағаны туралы жазған едік.
Қазақстандықтар RAMS Qazaqstan-дағы пәтерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр: Компания туралы не белгілі