Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасы парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева жаңа лауазымға ие болды.
Қазақстан Республикасы парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды, деп хабарлады ҚР СІМ ресми сайты.
Кеңестің кезекті отырысы 15 қарашада СІМ-де өтті. Дариға Назарбаева осы лауазымда Ппрламент сенатының депутаты Бірғаным Әйтімованы ауыстырып, Әйтімоваға Кеңесті басқара отырып атқарған жұмысы үшін алғыс білдірілді.
Өзінің кіріспе сөзінде Дариға Назарбаева осы саладағы заманауи талаптар мен жаһандық трендтерге жауап беретін сыртқы саяси ведомство мен азаматтық қоғамның тікелей байланысын қамтамасыз ету Қоғамдық кеңестің басты міндеті болып қалатынын атап өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясына қазақстандық делегацияның қатысу нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі басымдықтары жөнінде толық баяндап берді.
Министрлік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі жаһандық ұйымдағы өзінің қызметінде осы жылдың қаңтар айында БҰҰ ҚК-нің ашық пікірталастарында айтылған Президент Нұрсұлтан Әбішлұлы Назарбаевтың “Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарасы” атты арнайы саяси үндеуінің негізгі қағидаларын басшылыққа алады.
“Қазақстан өзінің Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігін, ұлттық мүдделерімізді ілгерілету үшін, ең бастысы, БҰҰ тарихында Қауіпсіздік Кеңесінде тұңғыш рет ұсынылып отырған Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін пайдалануда”, — деп хабарлады Әбдірахманов.
Ведомство басшысы басты тақырыптары Орталық Азия және Ауғанстан бойынша қарарды ілгерілету, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері болып табылатын 2018 жылдың қаңтардағы БҰҰ ҚК-дегі Қазақстан төрағалығына дайындығы туралы хабарлады.
Сонымен қатар, отырыс барысында Кеңестің басты бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері туралы есептер тыңдалды. Атап айтқанда, “Қазақстанның Интернет Қауымдастығы” ЗТБ Президенті Шавкат Сабиров өзінің сөзінде Қоғамдық кеңес жұмысының ақпараттық-имидждік бағыты бойынша нәтижелерін баяндап берді.
СІМ Сыртқы саяси талдау мен болжамдау департаментінің директоры Әлім Қирабаев және ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова жұмыстың талдамалық-сараптау жағын іске асыру нәтижелері бойынша баяндады. Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған Сыртқы саяси тұжырымдамасының қолданылу мерзімі 2019 жылы аяқталатыны айтылды. Осыған байланысты ҚР СІМ мен ҚСЗИ сараптама қоғамдастықпен бірге сыртқы саясаттың жаңа Тұжырымдамасын жасауға кірісті. Отырыс қатысушыларының ортақ пікірінше, халықаралық үдерістердің бұрын болмаған турбуленттілігі мен жоғары серпініне байланысты құжаттың жаңа редакциясында қазақстандық сыртқы саясатының кейбір бағыттарының бейімделуі талап етіледі. Құжаттың мазмұнын сапалы тексерістен өткізілгені, ал негізгі тармақтары және тараулары басты әлемдік және аймақтық трендтеріне сәйкес болуы тиіс.
“Қазақстандық дипломаттардың бірлестігі” РҚБ мүшесі Болат Нұрғалиев “Сыртқы саяси қызметіндегі шығындарының үнемдеу резервтері туралы” тақырыбына баяндама жасады. Іс-шара барысында, “ҚАЗГЗУ Университеті” АҚ-ның Халықаралық құқық орталығының қызметкері мен оқытушысы Лилия Іспенбетова “Халықаралық құқық орталығы мен Қоғамдық кеңесі ынтымақтастығының негізгі бағыттарын іске асыру” тақырыбына баяндамасын ұсынды. Аталған өзара іс-қимыл биыл қаңтардағы соңғы отырыс барысында қол қойылған ҚР СІМ және “КАЗГЮУ университеті” АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.
Биыл 25 жылдығы атап өтілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің нығайтуы мен дамуына қосқан үлесі үшін Д.Назарбаеваға тиісті мерейтойлық медаль табыс етілді.
Қоғамдық кеңестің ҚР СІМ қызметінің мәселелері жөніндегі кезекті отырысы 2018 жылдың көктеміне жоспарланды.
Тағы да оқыңыз:
Бекболат Тілеухан бас прокурордың шешендігіне қайран қалды
Алматыда жаяу жүргіншіні қаққан жүргізушінің өзі көлік астына түсіп қаза болды
Атамбаев: Мен емес, өзге елдің ісіне араласқандар кешірім сұрау керек