Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева мен бірнеше кәсіпкер "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылды

Ел Үкіметі "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгертті. Кеңестен Дариға Назарбаева шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz 

Мәдениет және ақпарат министрлігі "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Үкіметтің 2013 жылы 22 мамырдағы №512 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Өзгерістер театрдың қамқоршылық кеңесінің құрамына қатысты. Осылайша бірқатар тұлғаларды қамқоршылық кеңес құрамынан шығару ұсынылды.

Олардың қатарында Мәжілістің бұрынғы депутаты Дариға Назарбаева, кәсіпкерлер Тимур Құлыбаев, Кеңес Рақышев және Нұрлан Смағұлов, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, ERG акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиев бар.

"Енгізіліп жатқан түзету қамқоршылық кеңестің құрамын қазіргі кадрлық құрылымға сәйкес келтіруге байланысты", – делінген хабарламада.

Қаулы жобасы 3 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. 

Талқылау