Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретханасында оқушы өлген мектептің директоры қызметіне оралып, 9 миллион теңге өтемақы алды

дәретханда соққыға жығылған оқушы

Фото: CABAR.asia

Жамбыл облысында оқушының қазасынан кейін жұмыстан шеттетілген мектеп директоры қызметіне қайта оралып, білім бөлімінен  9 миллион теңге өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байзақ ауданы, Құмжота ауылының орта мектебінде 2024 жылы 30 сәуірде жоғары сынып оқушылары кіші сыныптағы балаларды даладағы әжетханаға шақырып, төбелес ұйымдастырған. Сегізінші сынып оқушысы Мирас кеуде тұсынан соққы алып, көз жұмды. 

Оқушының өліміне кінәлі деп танылған екі жасөспірім 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, ал біреуі 1 жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Мектеп директоры Қанатбек Байтен қайғылы жағдайдан кейін қызметінен шеттетілген еді. Кейін ол өзіне қатысты қабылданған шешіммен келіспей, білім бөлімінің шешімін сотқа берген. Нәтижесінде, сот оның пайдасына шешім шығарған. Бұған қоса, білім бөлімі директорды мәжбүрлі жұмыстан шеттеткені үшін 9 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін соққыдан қайтыс болған Мирастың анасы сот үкімімен келіспейтінін айтқан еді. 

Еске салсақ, Жамбыл облысында сегізінші сынып оқушысы жоғары сынып баласының соққысынан көз жұмғанын жазған едік. Көз жұмған баланың жақындары жағдай туралы айтып берген.

Айым Болатқызы
Сенбі, 28 Маусым, 2025 10:13
Талқылау