"Дәретханасынан шошисың": Мақпал Жүнісова Шелек ауылының әкімдігіне үндеу жасады
Танымал әнші Мақпал Жүнісова Жаркентке кетіп бара жатқан жолда Шелек ауылына тоқтап, өңірдің тыныс-тіршілігін баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі ауданнан бір асхана немесе дәретхана таппағанына ашуланды.
“Жаркентке жолға шыққан едім. Қарнымыз ашқасын жолшыбай кафеге кіргіміз келді. Бір жерде дәретхана жоқ. Оның өзі далада, түрінен шошисың. Әкімдіктері жабық тұр. Ғимараттың алды ғана тазаланған. Дәретханасы болса, кіріп шығайық деп ойлағанбыз. Бірақ тарс жабық. Ауыл басшылары қайда қарап жүрсіздер?! Мен Шелекке барған жоқпын. Тек жолдың бойында болғасын тоқтап, асхана мен дәретхана іздедік. ”, – деп жазды әнші.
-
"Айды аспанға бір шығарды": Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің IELTS-тан қанша алғанын көрсетті
-
"Бриллианттарымды таратып жатырмын": Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті
Сондай-ақ өнер иесі ауылдағы бірнеше үйдің сатылымға шығарғанын айтты.
“Жастар ауылдан осындай жағдайға шыдамағасын кетеді. Өтіп бара жатқанда 5-6 үйдің сатылатынын оқыдық. Өте қиын жағдай. Халық ауылдан көшсе, ауыл жабылады”, – деді халық әртісі.
Еске салайық, "Үйлерің осындай болса, тұрмас едіңдер" деп Мақпал Жүнісова "Музарт" тобының жігіттеріне ескерту жасаған еді.