Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәретханалар істен шыққан": Алматыға келе жатқан Air Astana ұшағы ерекше ақауға байланысты кері қайтуға мәжбүр болды

Фото: airastana.com

Air Astana әуе компаниясының Фукуок–Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан ұшағы ерекше техникалық ақауға байланысты Фукуок әуежайына қайта оралуға мәжбүр болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұшақтың кері қайтуына ұшақтағы барлық дәретханалардың істен шығуы себеп болған.

Әуе компанияның мәліметінше, ұшақ 26 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:04-те Фукуоктан ұшып шыққан. Ақау анықталғаннан кейін экипаж кері қайту туралы шешім қабылдаған. Ұшақ ұшу әуежайына сағат 14:14-те сәтті қонған, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігіне ешқандай қатер төнген жоқ.

“Фукуок–Алматы бағыты бойынша KC 162 рейсі техникалық ақауға байланысты ұшу әуежайына қайта оралды. Қазір ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – делінген компания хабарламасында.

Халық жаппай ұшудан бас тартқан: FlyArystan ұшқышы Астана-Алматы рейсінің жолаушыларын шошытты (видео)

Қазақстандық әйел ұшақта апатты шығу есігін ашып жіберген: Енді 7 миллион теңге төлеуі тиіс


 

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстің ұшу уақыты 27 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00-ге ауыстырылған. Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылған.

“Әуе компаниясы жолаушыларды қонақүйге орналастыру және трансфер мәселелерімен айналысып жатыр”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Air Astana-ның тағы бір ұшағынан ақау шығып, Дели әуежайына қонуға мәжбүр болған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 21:01