Даңқты балуан Дәулет Тұрлықанов күрес федерациясының басшылық қызметінен кетті
Фото: Getty images
Алматыда Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының конференциясы өтіп, ұйымға жаңа президент сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2021 жылдан бері федерацияны Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, белгілі балуан және Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов басқарған еді.
Конференция барысында Дәулет Тұрлыханов басшылық қызметінен кететінін мәлімдеді. Оның орнына “Қазақ күресі” қауымдастығының бірінші вице-президенті Еркін Оқасов федерация президенті болып сайланды.
Айта кетейік, Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің даңқты спортшысы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол 1989 жылғы әлем чемпионы, 1993 жылғы әлем вице-чемпионы, 1995 жылғы Еуропа және Азия чемпионы. Сондай-ақ 1988 жылғы Олимпиаданың күміс, 1992 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және сегіз дүркін КСРО чемпионы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

