Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегінің уақыты анықталды. Жеңілістің дәмін татпаған Данияр Елеусінов шаршы алаңға ақпанда оралады. Бірақ қазақстандық боксшының қарсыласы әлі белгісіз. Дегенмен Елеусіновке қарсылас болуы мүмкін деген үш боксшы анықталды. Олардың қатарында Оңтүстік Африка өкілі Тулани Мбенге (21-2, 15 KO), британиялық Крис Конго (15-2, 7 KO) және Венэсуэлла спортшысы Габриэль Маэстре (6-1-1, 5 KO) бар.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы рет рингке биыл қыркүйекте шығып, AllStarsBoxing кешінде филиппиндік Джо Нойнэйді нокаутпен жеңіп, WBC Peace чемпоны атағын иеленген еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

