Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Дана Уайтпен келісімге келді

Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Дана Уайтпен келісімге келдіФото:Stan.kz collage

Zuffa Boxing промоутерлік ұйымы өз құрамын күшейтіп, Қазақстанның танымал боксшылары Данияр Елеусінов және Иван Дычкомен келісімге келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұны компания ресми әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Жаңа тізімге енген Елеусінов 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы. Ол 2016 жылдан бері кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсетіп келеді. Кәсіпқой мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Соңғы айқасын 2025 жылғы 19 шілдеде АҚШ-та өткізген.

Ал аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Дычко Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері. Кәсіпқой рингте 16 жекпе-жек өткізіп, рн бес рет жеңсе, бір  рет Джермейн Франклинге қарсы жекпе-жекте жеңіліс тапқан.

Zuffa Boxing жуырда құрылған промоутерлік компания. Соған қарамастан, 2026 жылдың алғашқы екі айында ұйым үш бокс кешін өткізіп үлгерді.

Кештер Ultimate Fighting Championship (UFC) түсірілім павильонында ұйымдастырылып, көрермендер саны шектеулі болды.

Компанияны танымал спорт менеджері, UFC президенті Дана Уайт басқарады. Сондай-ақ Zuffa Boxing UFC-тің бас компаниясы Zuffa  құрамына кіреді.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 18:05