Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даниял Ахметов адам қағып өлтірген қарамағындағы шенеунік үшін кешірім сұрады

Мас күйінде адам қағым қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары үшін Даниял Ахметов кешірім сұрады. Қол астындағы қызметкердің шетін әрекетіне қынжылатынын айтқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі, қамауға алынған шенеунікке қатысты тергеудің ашық жүргізілетінін жеткізіп отыр, деп хабарлады КТК.

даниял ахметов

“Риддер қаласы әкімінің орынбасарына келсек, әрине, өте қайғалы жағдай. Кеше ол тұтқынға алынды. Бүгін құқық қорғау органдары қажетті шараларды жалғастырып жатыр. Біз қаза тапқан жігіттің отбасына көңіл айтып, кешірім сұрадық. Енді жақын арада тергеу жұмыстарының аяқталуын күтеміз”, – дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов.

«BMW Х5» көлігін тізгіндеген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев жол шетіндегі жүргіншіні қағып кеткен болатын. 19 жастағы жігіт жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмады. Кейін тексеру барысында әкім орынбасарының араққа сылқия тойып алғаны анықталған. Қазір 45 жастағы азамат  уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Енді ол мас күйінде көлік жүргізіп, кісі қаққаны үшін 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: 

СІМ ресейлік тележурналистің Қазақстан жайлы пікіріне түсініктеме берді

Бекболат Тілеухан Қытайда қысым көріп жатқан қандастарымызға араша түсті

Ақмола облысында прокурор автокөлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін іліп алып, көлік басқарған

Астанада тендерді саудаға салған лауазымды шенеунік сотта жауап беруде

Талқылау