Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дания зейнет жасы бойынша әлемдік рекорд орнатты

Фото: Freepik.com

Дания экономикасы ірі елдердің арасында ресми түрде зейнеткерлік жасы ең жоғары ел болды. Даниялық қариялар зейнетке 70 жастан шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дания зейнеткерлік жасты 70-ке көтеріп, G20 елдері мен Еуропалық Одақ арасында рекорд орнатты. Осыған орай үлкен жиырмалықтың құрамындағы елдер мен Еуроодақтағы 14 мемлекет те зейнет жасын ұлғайтып жатыр. 

Зейнет жасын ұлғайтудағы басты себеп — халықтың қартаюы мен зейнетақы қорындағы тапшылық. Дамыған көптеген елдер сияқты, Дания да демографиялық теңгерімсіздікке тап болды: қарттар саны көбейіп, ал жұмыс істейтін халықтың үлесі азайып жатыр.

Бұл шешім алдын ала заңнама арқылы қабылданған: Данияның зейнетақы жүйесінде зейнетке шығу жасы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығына тәуелді. Яғни, азаматтар неғұрлым ұзақ өмір сүрсе, зейнетке де соғұрлым кеш шығады.


Зейнетке шыққан қазақстандықтар жұмыс іздеуші ретінде тіркеле алмайды


Депутат мүгедектігі барлардың зейнет жасын төмендетуді сұрады


Даниямен салыстырғанда, басқа елдердің зейнет жасы анағұрлым төмен:

  • Аустралия, Грекия, Нидерланды — 67 жас;

  • Франция, Словакия — 64 жас;

  • Швеция — 63 жас;

  • Үндістан — 60 жас. 

Десе де Үндістанда зейнет жасы аймақ пен жұмыс саласына байланысты өзгеріп отырады.

Бұған дейін желіде қазақстандық ер адам мұғалімдердің зейнет жасын төмендетуді ұсынып, министрге үндеу жолдаған еді. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 08:23
Талқылау