Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дания чемпионатында ойнайтын Рамазан Оразов Қазақстанға оралады

Елімайға ауысадыФото: ФК "Силькеборг"

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Данияның "Силькеборг" клубынан кетіп, карьерасын Қазақстан Премьер-лигасында жалғастырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол семейлік "Елімай" командасымен келісімге келіп, жақын арада ұжымға қосылады. Бұл трансфер туралы екі тарап та ресми түрде мәлімдеді.

27 жастағы футболшы 2024 жылдың жазында Еуропаға ауысып, "Силькеборг" сапында 16 ойын өткізіп, 2 гол соққан. Дегенмен маусымның соңына қарай негізгі құрамдағы орны азайып, футболшының елге оралуына себеп болды деген ақпарат тарады.

Оразовқа бірқатар қазақстандық клубтар қызығушылық танытқан, соның ішінде "Ақтөбе" де болған. Алайда футболшы "Елімайды" таңдады. Бұл шешімге клубтың бас бапкері Андрей Карповичтің әсері зор болды. Еске салайық, Оразов бұған дейін онымен бірге жұмыс істеген.

Футболшының Премьер-лигаға оралуы оған тұрақты ойын тәжірибесін жинауға және ұлттық құрама сапындағы орнын сақтауға мүмкіндік береді. Рамазан Оразов Қазақстан құрамасы сапында 31 матч өткізіп, бір гол соққан.

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 09 Шілде, 2025 20:40
Талқылау