Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дана Нұржігіт: Қадіріңді білмейтін, жұртыңды сыйламайтын адамнан басымды алып қашқаным қандай жақсы болған

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт өмірінде орын алған маңызды жайттар туралы еске алды. Былтыр ғана Мұрат есімді азаматқа екінші рет тұрмысқа шыққан тележүргізуші өмірді қайта бастағанына өкінбейтінін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

Дана Нұржігіт

Өз сөзінде Дана Нұржігіт ұлы Әлімді 10 жыл күткенін айтты.

«Он жыл күтіп, Әлімімді дүниеге әкелгенім қандай жақсы болған! Сенің қадіріңді білмейтін,жұртыңды сыйламайтын,болдырып қалғаныңды көре тұра аямайтын,сені керек етпейтін адамнан басымды алып қашқаным қандай жақсы болған!  Кедергілерге, ең бастысы- іштегі қоян жүрек үрейге қарамастан өмірді қайта бастағаным қандай жақсы болған!» – деп жазды ол Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, тележүргізуші өмірінде болған жайттардың ешбіріне өкінбейтінін аңғартты. Тек жақс болған, дейді.

«Сүйікті кәсібіме оралғаным, сезімге құшағымды ашқаным…бәрі,бәрі жақсы болған! Жасқанбау керек! Жалтақтамау керек! Ерінбеу керек! Берілмеу керек! Алла “тәуекел!”дегеннің белін буады екен. Мен соны түсіндім. Мұны сіздерге емес,өзіме айтып отырмын…» – дейді Дана Нұржігіт.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Тамыз, 2018 07:57