Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Damubala жүйесіндегі ақау электронды кезекті жойып, балалар тегін үйірмелерсіз қалған

ice-profy.ru спорт даму балаФото: ice-profy.ru

Астанада балаларға арналған тегін үйірмелер мен секцияларға жазылуға мүмкіндік беретін Damubala цифрлық платформасындағы ақау он айдан бері шешілмей отыр. Электронды кезектің жойылуы салдарынан көптеген балалар заңды құқығын пайдалана алмай, шығармашылық және спорттық үйірмелерге бара алмай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қосымша білім беру қызметін ұсынушы кәсіпкерлер миллиондаған шығынға батқанын және мемлекеттік бағдарламаға деген сенімнің әлсірегенін айтады. 

Кәсіпкерлер кездесуі барысында ваучерлерді "қолмен" бөлу кезінде жемқорлыққа жол берілген болуы мүмкін деген күдік те айтылды.

"Бізге дейін белгісіз адамдар хабарласып, әрбір ваучер үшін 10 мың теңге төлеу арқылы оны алуға болатынын ұсынды. Біз келіспедік, олар кім екенін білмейміз, бірақ мұндай қоңыраулар барлық орталықтарға түсті", – деді балаларды дамыту орталығының жетекшісі Яна Чигарюкова.

Дағдарыс өткен жылдың қарашасында Damubala жүйесіндегі техникалық ақаудан басталды. Сол кезде платформа электронды кезекті толығымен жойып, мыңдаған баланың деректерін жоғалтқан. Бұдан кейін жергілікті билік ваучерлерді "қолмен" таратуға көшті. 

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл тәсіл мүлдем ашық емес. Мәселен, бір білім беру орталығының директоры алты айда 69 ваучер жоғалтқанын, бұл 6-9 миллион теңге шығынға тең екенін айтты.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясының басшысы Светлана Дюсетаева мәселені техникалық қиындықтармен түсіндіреді.

"Техникалық көшу біраз күрделі, себебі цифрлық деректер жоғалып кетуі мүмкін. Damubala-дан дайын деректер базасы берілген жоқ. Біз кезекті скриншоттар мен жеткізушілердің ұсынған деректері арқылы қалпына келтіруге мәжбүр болдық", – деді Светлана Дюсетаева.


Балаларға арналған тегін үйірмелер: Artsport ата-аналарға ескерту жасады


"Damubala 2025" бағдарламасының ережесіне өзгерістер енгізілді


Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар интернет пен байланыс сапасына жаппай шағымданғанын жазған едік. 4 қыркүйекте Activ/Kcell абоненттері байланыссыз қалды, ал 5 қыркүйекте “Қазақтелеком” интернетінің баяу жұмыс істегеніне шағым көбейген. Әлеуметтік желі қолданушылары YouTube пен басқа сервистердің дұрыс істемегенін жазды. Компания ақау жоқ деп мәлімдесе, Цифрлық даму министрлігі YouTube-та шынымен баяулық байқалғанын растады. Downradar дерегінше, ақаулар Қазақстанмен қатар Ресейде де тіркелген, ең көп шағым 15:00-де түскен.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 10:47
Талқылау