Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәмханаға барамын деп полицейден таяқ жеген тұрғын әділдік іздейді

Кафеге барамын деп полицейден таяқ жедім. Жезқазған қаласының 29 жастағы тұрғыны осылай құқық қорғаушыларды айыптап отыр. Дамир есімді азамат арнайы жасақ сарбаздары жерде жатқанда басымнан ұрып, құлағымның жарғағын жарып жіберді дейді. Қазір жас жігіт Астанадағы нейрохирургия орталығында емделіп жатыр. Себебі соққыдан соң бір жақ беті әлі күнге жансыз екен.

па

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

27 қаңтардың кеші жайлы сұраққа Дамир ұзақ ойланып барып жауап берді. Айтуынша, әріптесі екеуі жұмыстан соң дәмханаға кірген. Көп ұзамай олар отырған кафеге бетперде киген арнайы жасақ кіріп келіп “бәрің де жатыңдар!” деп әмір етіпті. Дамир де досымен бірге бұйрықты орындадық дейді.

“Жатқан кезде, көрген жоқпын, бірақ бастан соққы алдым. Одан кейін есімді біле қоймаймын. Өйткені, тұрсам құлағымнан қан ағып жатыр екен”, – дейді Жезқазған қаласының тұрғыны Дамир Махмұтов. Қан-жоса қалпымен далаға шыққанда арнайы жасақ сарбаздары бірнеше адамды тізіп қойып, тексеріп жүрген көрінеді. Командирлеріне келіп “мыналарыңыз не?” деп сұрағанда еш жауап естімепті. Үйіне жеткен соң өзін жайсыз сезініп, артынша ауруханаға барған. Сол жерде полицейлердің үстінен арызданып, тексеру басталады. Алайда, тәртіп сақшылары жас жігіттің жәбірленуші екенін мойындағысы келмепті.

“Арыз жазбаңдар, ертең бәрібір ештеңе дәлелдей алмайсыңдар. Мүмкін ол орындыққа соғылып қалды” деп өз версияларын айта бастады, – дейді Дамир Махмұтовтың жұбайы Айжан Ағыбаева. Бұл жағдайдан облыстық ішкі істер департаментіндегілер де хабардар болып шықты. Олардың айтуынша, сол күні кафеде бір топ адам төбелесіп жатыр деген шақырту түскен екен. Оқиға орнында 7 адам ұсталып, олардың біреуінен есірткіге ұқсас зат табылыпты.

“Оларды ұстау кезінде полиция қызметкерлеріне бірқатары қарсылық көрсеткен. Сондай-ақ, кафеге келушілердің бірі “полиция қызметкерлерінен соққы көрдім” деп жазған арызы бойынша қазіргі таңда ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеріс жүргізілуде”, – дейді Қарағанды облыстық ІІД МТАБ басшысы Бақытжан Құдияров.  Қызметтік тексерістің қашан аяқталатыны және қандай шешім шығатыны әзірге белгісіз. Ал, 1 ай бойы емделіп жүрген Дамир әлі де сол соққының зардабын тартып отырмын дейді.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында жантүршігерлік апатқа түскен жүргізуші тілге келді

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау