Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДАИШ-тың 100 содырын өлтірген студент қыздың басы үшін 1 млн доллар тағайындалды (фото)

Джоанна Палани — 23 жастағы даниялық студент. Оның басы үшін 1 миллион доллар марапат тағайындалған.

297

Бұл туралы Bored Panda хабарлайды.

Джоанна 100-ден астам ДАИШ жауынгерін өлтірген. Ол әскери қызметі кезінде күрдтер орналасқан аумақта жүріп жер жастандырыпты.

843

Джоаннаның қанында иранның да, күрдтің де қаны бар. Ол Парсы шығанағындағы соғыс кезінде Ирактағы босқындар лагерінде туған. Жасы 2-ге толған кезде оның отбасы көшіп кетеді. Ал 9 жасында ол алғаш рет қолына қару алады.

748

2014 жылы қыз Даниядағы колледжді тастап Сирияға аттанады. Ол Фейсбуктегі аккаунтында Даниядағы өмірі оны “әйелдер құқығы мен демократия үшін күресуге” ынталандырғанын айтыпты. Ол осынау европалық құндылықтарды кәрі құрлыққа келгеннен кейін көріп, сезіне алған.

648

Студент қыз бірден сириялық оппозициялық күштеріне қосылып әуелі Башар Асад режиміне қарсы күреседі, кейін ДАИШ-қа қарсы соғысады.

1165

Ол негізінен соғыс қимылдарын Кобани қаласында жүргізіп, тұтқынға түскендер мен секс-құлдыққа тап болғандарды босатумен айналысады.

550

Оның әрекеті Дания үкіметінің де назарын аударады. Елге кезекті рет келген кезде оған соғыс болып жатқан аумаққа баруға тыйым салынады. Алайда Джоанна мұнымен келісе алмай, Катарға аттанады. Бірақ қызды ұстап алып, Даниядағы ірі түрмеге қамайды. Үш аптадан соң оны босатып, төлқұжатын тәркілейді.

364

Ол тыйымды бұзғанына өкінеді. Бірақ, дат үкіметінің өзін ДАИШ терроршыларымен теңестіріп қойғанына келіспейді. Ал террористер болса оның басы үшін 1 миллион доллар тағайындаған.

459

Бұрынғы студент қазір жасырынып, өз өмірі үшін қауіп үстінде жүр. Ол әр үш күн сайын орын ауыстырып, қашумен келеді.

1037

“Мен – снайпермін. Кейде соғыс алаңында тыным таппай 9 күнге дейін жүре беремін. Тек өте мұқият қимылдау керек. Тепе-теңдікті бір секундқа да жоғалтуға болмайды”.

1240

“Мен заңды бұзғаныма өкінемін. Бірақ, ол кезде менде таңдау болмады. Мен қайтып оралуға тиіс едім”.

1166

938

“Мен қамқор болған, бостандықтарын қорғаған адамдар қазір менің еркіндігіме қол сұққылары келеді”.

Оқи отырыңыз:

Көмірдей қара қыз ерекше келбетімен ғаламторда жұлдызға айналды (фото)

Әлемдегі ең қара нәсілді атақты модель (фото)

Терісі ақ болып туған балалары қара нәсілді аналарын жатсынып жүр (фото)

Әкесі ұлымен 26 жыл бойы бір қалыпта суретке түсіп отырған (фото)

Талқылау