Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дағыстанда екі қыз ұятсыз SMS жіберген жас баланы зорлап кетті

Дағыстанда адам шошырлық қылмыс орын алды. Карабудахкент ауданының қос қызы оларға ерсі хабарлама жіберген жас жігітті зорлап кетті.

смска

Бұл туралы Дағыстан прокуратурасының баспасөз қызметі “Комсомольская правда” басылымына хабарлаған.

Басылымның хабарлауынша, 15 жастағы Карабудахкент ауылының тұрғынына 29 және 25 жастағы өзінің екі көрші қызы ұнап қалған. Бозбала қос арудың телефон нөмірлерін біліп алып, оларға ұятсыз SMS-тер жаза бастаған. Онда жас жігіт қыздармен жеке қалған жағдайда қандай іс-әрекетке баруы мүмкін екенін сипаттаған.

Ақылдаса келе қос құрбы жас жігітті ауылдан тыс жерге кездесуге шақырған. Онда екі қыз жігітті соққыға жығып, зорлап кеткен. «Алдағы уақытта ондай хабарлама жібермеуін» ескерткен. Жас жігіт жәбірленушілерінен қашып кетуге тырысқан. Алайда қос құрбы оны қуып жетіп, өлтіреміз деп қорқытқан. Болған оқиғаны қылмыскер қыздар видеоға түсіріп, желіге жариялаған.

Жігіт болған оқиғаны жасырып қалуға барынша тырысқан. Алайда арада біраз уақыт өткен соң бейнежазбаны оның ата-анасы көріп қойған. Артынша зорлыққа ұшыраған жігіттің ата-анасы полицияға жүгінген. Қыздар тұтқындалды. Кәмілеттік жасқа толмаған жігітті зорлап, өлтіруге қорқытып, денсаулығына зиян келтіргені үшін қос құрбы жалпы режімді колонияға 8 жылға тоғытылды.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та ер адам 11 жасар қызды көлігімен қағып, содан соң зорлап кеткен

Инстаграмдағы “биші-миллионер” әбден қарызға батқан адам болып шықты

Ресейде жастар мектеп бассейнінде эротикалық кеш өткізді (видео)

Аустралияда 5 жасар бүлдіршінге жынысын ауыстыратын ота жасалмақ

Талқылау