Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Cuprum run Balkhash-2023" жүгіру эстафетасын Балқаш металлургтері өткізді

Жезқазған қаласында өткен "Cuprum run Balkhash-2023" жаппай жүгіру эстафетасын Балқаш металлургтері өткізді.

Спорттық іс-шара 25 маусымда "Kazakhmys Smelting (Қазақмыс Смэлтинг)" ЖШС және қала әкімдігінің қолдауымен өтті. Бұқаралыс жарысқа Смэлтингтің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен басшылары, ҚР ҚК әскери қызметшілері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Жарысқа қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен тәжірибелі спортшылар келді. 300-ге жуық жүгіруші 5 және 10 км қашықтыққа жүгіруді М. Хамзин атындағы мәдениет сарайы алаңынан бастады.

ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғанысының әскери қызметшілері тамаша төзімділік пен спорттық дайындықты көрсетіп, мәреге бірінші болып келді.

Ерлер арасында 5 км қашықтықта бірінші болып мәреге спортшы Дархан Кесікбаев (Талдықорған қ.), әйелдер арасында Татьяна Купцова (Семей қ.) келді. 10 км қашықтықта ҚР ҚК Әскери Әуе қорғанысы Руслан Бекешов (Семей қ.) және Елена Леонова (Шахтинск қ.) жүлдегерлер атанды. Барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, ал қатысушылар естелік медальдармен марапатталды.

Жарысқа қатысқаны үшін жиналған барлық қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 26 Маусым, 2023 10:58