Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цукерберг Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсамақ

Марк Цукерберг әйелі Присцилла Чан екеуі Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсау туралы шешім қабылдағанын айтты.

20151202083309

Бұл туралы РИА «Новости хабарлады.

«Біз өміріміздің соңына дейін қазіргі таңда құны 45 миллиард доллар болатын Facebook акцияларының 99%-ын қайырымдылыққа жұмсаймыз. Осылайша әлемді гүлдендіруге үлес қоспақпыз», – деп жазды Цукерберг әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл жазбаны ол өзінің кішкене қызы дүниеге келуіне байланысты жариялаған, ерлі-зайыптылар бүлдіршіннің атын Макс деп қойған.

Ол қызды болғаны жайлы да әлеуметтік парақшасына жазған.

«Присцилла екеуміз қызымыз Макстың дүниеге келгені үшін қуаныштымыз», – деп жазды өз парақшасында Цукерберг.

Хабарламаға қызына арналған хатты қоса берген, онда программашы уақыт өте келе адамдардың тырысуының арқасында ғаламшар жақсара түсетініне сенімділігін білдірген, ал Марктің өзі балалардың жарқын болашағына үлес қосуға уәде береді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Ол адамдардың ауруды емдеуге күш салуға, кедейлікті төмендетуге, мықты қоғамдастық құруға, елдер арасындағы өзара түсіністікті қалыптастыруға, барлығы үшін тең құқықты қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар екенін тап өтеді.

Бұдан бұрын Цукерберг қызы дүниеге келгеннен кейін екі айға демалысқа кететіні хабарланған.

Талқылау