Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Цойдың Голливуд жұлдыздары алдында өнер көрсеткен видеосы табылды (видео)

Әйгілі Виктор Цойдың 1990 жылдың 25 қаңтарында Америка халқының алдында алғаш және соңғы рет өнер көрсеткенін айғақтайтын видеолар америкалық коллекционердің архивінен табылды. Әншінің бұл концерті Юта штатының Парк-Сити қаласында өткен.

image

Фото: fonstola.ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Әйгілі рок-музыкашы Юта штатына Джоанн Стингрейге қонаққа барып қана қоймай, Голливуд жұлдыздарының алдында өнер көрсеткен. Мұнымен қатар, “Ессіз Макс” стиліндегі блокбастерге түспек болған. Цойға арнап америкалық фантаст фильмнің сценариін жазып бастаған екен.

Әлі ешкімнің қолына түсіп үлгермеген жазбалар америкалық коллекционердің архивінен табылған. Бұл – “Кино” тобының тыңдармандары үшін баға жетпес сыйлық. Осы күнге дейін ешкім білмеген кадрлар Виктор Цойдың америкалықтардың алдында алғаш және соңғы рет өнер көрсеткен сәтін бейнелеген. Аталған концерт 1990 жылдың 25 қаңтарында Юта штатының Парк-Сити қаласында өткен. Концертте Цой “Өзгеріс”, “Бір қорап шылым”, “Күн есімді жұлдыз” сынды танымал әндерін орындаған.

Араға 26 жыл салып пайда болған жазбалардың құпия-сырға толы екені анық. Жазба қолдан-қолға беріліп, нәтижесінде Виктор Цой егізінің қолына түскен.

“Бұл пленканы менің танысымның танысы тауып алған екен. Артынша олар бұл жазбаларды маған берді. Өкінішке орай, менде тек бір минуты ғана”, – дейді әншінің егізі Сергей Кузменко.

Тәуелсіз кинолар фестивалі “Сандэнстте” көрерменге ерекше әсер қалдырған “Ине” фильмінің көрсетілімінен кейін Цой халық алдында ән айтқан. Аталған туындыға да, Цойдың өзіне де осы сәтте қызуғушылық жоғары болған.

“Меніңше, ол өзін осыншама ыстық ықыласпен қабылдайды деп күткен жоқ. Бұл ол үшін күтпеген тосын сый болғаны анық”, – дейді Джоанна Стингрей.

“Ине” фильмінің барлық билеті алғашқы көрсетіліміне бір апта қалған кезде небәрі бір сағаттың ішінде сатылып кеткен. Сол уақытта әншімен бірге ілесіп барған досы Юрий Каспарян алдыңғы қатарда Голливуд жұлдыздарының толып отырғанын айтады. Тіпті түнгі клубта тағы да концерт өткізуге ұсыныс түскен екен. Алайда әнші мәдениетті түрде бас тартқан.

Ол танымал фантаст Уильям Гибсон фильмге түсуге шақырған кезде бас тартқан. Бұған өз Отанында фильм түсіріп жатқаны себеп болса керек. Сол уақытта барлығы да Цойды әлемдік деңгейдегі музыкашы болады деп күткен-ді. Өкінішке орай, әнші ерте қайтыс болады.


Оқи отырыңыз:

Абайдың еш жерде жарияланбаған өлеңі табылды

Кейкі батырдың басы Санкт-Петербургтегі кунсткамерадан  табылды

 

Талқылау