CMO немесе клиент: Ертеңгі күннің стратегиясын кім басқарады?
Әр адам саясат, дін, футбол және, бәлкім, маркетингті жақсы біледі деген әзіл бар. Kazakhstan Growth Forum командасы 23 сәуірде Алматыда өтетін Kazakhstan Marketing Conference аясында дәл осы мифті сейілтуді мақсат етіп отыр.
"Биыл біз бағдарламамызға үш негізгі аспектіні енгізуді ұйғардық: өнім және маркетингтің рөлін талқылағымыз келеді және ең бастысы – маркетологтардың әр кезеңдегі орны қандай деген сұраққа жауап іздейміз" – дейді Сентрас компаниялар тобының басқарушы директоры және Kazakhstan Marketing Conference "чемпионы" Елена Афонина.
Оның айтуынша, өндіруші мен маркетологтың функциялары бөлек, әрі көбіне маркетологтарға "сату керек" деген тапсырмамен дайын өнім беріледі, бірақ олар тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру үдерісіне қатыспайды. Конференция барысында маркетологтар тұтынушылардың адалдығын қалай арттыруға болатынын талқылайды. Өйткені қазір брендтер тұтынушылардың таңдауына бұрынғыдан аз әсер ете бастаған. Сондай-ақ тұтынушылардың мінез-құлқына терең талдау жасап, мінез-құлық теориясы мен буындар теориясы да талқыланады. Қазір бұл тақырыптар қайта өзекті болып отыр.
Үшінші үлкен бөлім – "жаңа маркетинг": KPI-ды қалай орындауға болады және бұл процестегі маркетинг директорының басты рөлі қандай. Осыны анықтау үшін ұйымдастырушылар “СМО Survey” зерттеуін жүргізіп, маркетинг директорларының пікірлерін жинайды. Олардан бизнес қалай өзгеріп жатқаны, командаларындағы рөлдердің қалай өзгергені, ұйымдағы орны, негізгі мақсаттары және бизнестегі ықпалы туралы сұралады. Біз үшін, ең алдымен, басшылардың нақты қажеттіліктерін түсіну маңызды. Ұйым ішіндегі құрылымдарға қандай мәртебе жетіспейтінін, Kazakhstan Marketing Conference олардың тиімділігін арттырып, бизнес нәтижелеріне тікелей әсер етуіне қалай көмектесе алатынын талқылаймыз.
Конференция аясында дәстүрлі "The Best CMO" марапаттау рәсімі де өтеді. Kazakhstan Marketing Conference алаңындағы барлық номинация – нақты тұлғаның көшбасшылығы мен еңбегін мойындауға бағытталған. Алайда әрбір үздік маманның артында үлкен команда тұрады. Үздіктерді анықтауда басты назар тиімділік көрсеткіштеріне аударылады. Яғни маркетологтардың жұмысы ұйымның дамуына қалай әсер ететінінде. Маркетинг тұрғысынан оның жаңа модельдер арқылы тұтынушылық тәжірибеге, өнім желісін кеңейтуге, инновацияларға және серіктестік коллаборацияларға ықпалын бағалау өте маңызды. Яғни маркетинг директоры өз ұйымымен бірге жаңа нишаларды қалыптастыру мен дамытуға қаншалықты үлес қосып отырғаны ескеріледі.
Баршаға ұнап үлгерген менторинг форматы да жалғасады. Kazakhstan Marketing Conference қонақтары 15 минуттық сессияларда өз сұрақтарын қойып, бірнеше беделді маманның пікірін алып, мәселені шешудің түрлі балама тәсілдерін өз ұйымдарында нәтижеге жеткізу үшін қолдана алады. Жуырда биылғы конференцияның сарапшылар тізімі жарияланады.
Kazakhstan Marketing Conference неліктен бірегей? Аудиторияға жүйелі көзқарас пен стратегиялық ойлау қажет, ал конференция дәл осы мүмкіндікті ұсынады.
"Біз ұйым ішіндегі жұмыс моделін жүйелі түрде құруға бағытталған қолданбалы тәжірибелерді енгізуге тырысамыз. Конференция барысында қатысушылардың ой-өрісін барынша кеңейтіп, 8 сағат ішінде толыққанды ақпарат бергіміз келеді. Өздеріне: "Менің бизнесім бәсекеге қабілетті бола ала ма?" деген сұрақ қоюын қалаймыз”, – дейді Елена Афонина.
Оның айтуынша, маркетологтар қауымдастығы өте креативті және ашық.
“Көп адам сұрақ қоюдан тартынады, бірақ маркетологтарға жүгінгенде олар жан-жақты жауап беріп қана қоймай, сіз күткеннен де көбірек ақпарат ұсынады. Бұл жағынан аудитория өте ашық, ең бастысы – дұрыс сұрақ қоя білу", – дейді ол.
The Best CMO номинациясына өтінім беру, конференцияға билет сатып алу және толық ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз.