Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Chevrolet: Қазақстанда 5 жыл бойы халықтың көңілінен шығуда

2025 жылдың наурыз айында Allur қазақстандық автокөлік компаниясының құрамына кіретін Chevrolet бренді өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде ол бүкіл ел бойынша автоәуесқойлардың жүрегін жаулап алып, нағыз халықтық брендке айналды.

Сандар жиынтығы

Соңғы бес жылда Chevrolet бірнеше рет сатылымның көшбасшысы атанды. Әсіресе, 2021 жылдан 2024 жылға дейін төрт жыл қатарынан ең көп сатылатын модель атағын ұстап тұрған Cobalt моделін атап кеткен жөн.

170 000-ден астам Chevrolet автокөлігі өндірілді. Модельдік қатарға Chevrolet Cobalt-тен Tahoe-ге дейінгі барлық санаттағы сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын әртүрлі автомобильдер кіреді. Сондай-ақ, компания бір айда сатылым бойынша бес рекордқа қол жеткізді, бұл қазақстандықтар тарапынан сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді.

Өндірісті және дилерлік желіні кеңейту

2024 жылы Қостанайдағы Allur зауытында CKD тәсілімен (майда торапты) Onix моделінің сериялық өндірісі басталды. Өндіріске 3 500-ден астам маман тартылған, бұл тереңдетілген жергіліктендіруге, экономикалық өсуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Бұл Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия елдері үшін де бірегей кешен. Онда роботталған лазерлік дәнекерлеу технологиялары қолданылады, ол General Motors сапа стандарттарына сәйкес лазерлік тігістің жоғары сапалы және жоғары дәлдікті салынуын қамтамасыз етеді.

General Motors International Президенті Шилпан Амин Allur зауытында CKD өндірісін іске қосу кезінде былай деді: 

"Біздің кооперациялық ынтымақтастығымыз аясында біз үнемі өсу мен кеңейту үшін мүмкіндіктер іздейміз. Инвестициялар мен бірлескен күш-жігердің арқасында біз бүгін осы маңызды кезеңге - Қостанайда Chevrolet Onix CKD-өндірісінің басталуына қол жеткіздік. Біз өндірістің жылына 30 мың автокөлікке дейін өсуіне қол жеткіздік. Қазір Қазақстан Chevrolet нарығының көлемі бойынша әлемде жетінші орында тұр. Бұл біздің табысты серіктестігіміздің дәлелі".

Компания бірегей қаржылық бағдарламалар мен арнайы ұсыныстарды ұсына отырып, дилерлік желіні кеңейтуді және қызмет көрсету сапасын жақсартуды жалғастыруда.

Chevrolet – халықтық бренд

2023 жылы Chevrolet бренді Республика Сарайындағы Абай алаңында көпшілікке арналған Onix моделінің алғашқы ашық тұсаукесерін өткізді. Іс-шараға 4500 адам қатысты, бұл Қазақстанның автокөлік нарығы үшін маңызды оқиға болды.
Түрлі жобалар аясында пікір көшбасшылары маркалы автокөліктермен Қазақстан бойынша саяхат жасап, елдің табиғи игіліктерін көрсетіп, оның танымалдылығын растады.

Осындай жобалардың бірі Chevrolet автокөліктерін тұтынушылардың пікірлерін жинауды қамтыды, осылайша клиенттердің кері байланысының маңыздылығын көрсетілді.

"Соңғы бес жылда Chevrolet танымал брендке ғана емес, сонымен қатар сенімділігі, қол жетімділігі және заманауи технологиялары үшін таңдалатын нағыз халықтық көлікке айналды. Біз клиенттеріміздің сенімін бағалаймыз және Chevrolet автокөліктерінің күтулері мен қажеттіліктеріне сай болуы үшін жұмыс істеуді жалғастырамыз", – деп атап өтті Chevrolet Kazakhstan дистрибуциясының директоры Марк Ножненко.

Allur компаниясы Chevrolet брендімен бірге қызықты жобалар жасай отырып, өсіп, дамуын жалғастыруда. Жақын арада жаңа модельді шығару жоспарлануда, бұл брендтің нарықтағы позициясын нығайту жолындағы кезекті қадам болмақ.

Талқылау