Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чесноков "Хартс" клубымен алдын ала келісімшартқа қол қойды: бапкер оны маусым басталғанға дейін күтеді

Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасының және костанайлық "Тобыл" клубының ойыншысы Ислам Чесноков шотландиялық "Хартс" командасымен алдын ала келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандасымыз жайлы ақпаратты клубтың бас бапкері Дерек Макиннес Daily Record басылымына берген сұхбатында айтты.

Маманның айтуынша, шотландиялық клуб Чесноковтың маусым басталғанға дейін командаға қосылуына үміт артып отыр. Дегенмен, нақты шешім қазақстандық клубқа байланысты.

"Ол қазірдің өзінде алдын ала келісімшартқа қол қойды, бірақ жағдай толық біздің бақылауымызда емес. Оның командасы маусымның шешуші кезеңінде тұр, сондықтан олар оны дәл қазір жібергісі келмейді", — деді Макиннес.

Сондай-ақ бапкер өткен сәрсенбіде Исламмен жеке сөйлескенін айтып, ойыншыны осы жазғы трансферлік терезеде алғысы келетінін жеткізді:

"Мен клубқа оны мүмкіндігінше ертерек алғым келетінін айттым. Бізде жоспар бар. Егер бәрі сәтті өтсе керемет, өтпесе қаңтарға дейін күтеміз. Біз сабыр сақтауға тырысамыз, бірақ идеалды нұсқа — оны осы трансфер кезінде алу".

Абылайхан Палмағанбет
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 16:01
Талқылау