Черногория Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді
Черногория Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com
2025 жылдың 1 наурызынан бастап Черногория Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізеді. Бұл тәртіп 2025 жылдың 1 қарашасына дейін күшінде болады. Қазақстандық туристер 30 күнге дейін визасыз тек төлқұжатпен сапарлай алады.
Қазақстандықтар 2025 жылы қай елдерге визасыз бара алады
Черногориядағы туристік қызметтердің құны Батыс Еуропа елдеріне қарағанда қолжетімді, сервис сапасы жоғары деңгейде сақталған.
Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимнің енгізілуі екі ел арасындағы туризм және мәдени байланыстарды дамытуға ықпал етпек.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан мен Марокко өзара визасыз режим енгізетінін жазғанбыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"