Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасында “Интер” қақпасына гол соққан футболшы “Қайрат” клубынан кетті

Қайрат фкФото:”Қайрат” фк

Алматылық "Қайрат" футбол клубы израильдік жартылай қорғаушы Офри Арадпен қоштасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Офри Арад қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс.

Себебі ол "Қайрат" сапында Чемпиондар лигасының төртінші турында "Интерге" қарсы ойында гол соғып, жанкүйерлерді қуантқан еді.

27 жастағы израильдік футболшы мен алматылық клуб арасындағы келісімшарт аяқталды.

Офри Арад "Қайратқа" 2023 жылы қосылды. Бастапқыда ол орталық қорғаушы ретінде ойнаған болса, кейін тіреуіш жартылай қорғаушы позициясына ауысты.

Ол қысқа уақыт ішінде команданың маңызды ойыншыларының біріне айналды. Арад клубпен бірге 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атанды.

Ал 2025 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алуға, сондай-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына зор үлес қосты.

Қоштасу алдында Офри Арад жанкүйерлерге әсерлі жазба арнады.

"Мен үшін жүрегіме жақын командамен, тамаша Алматы қаласымен, достарыммен және жанкүйерлермен қоштасу өте ауыр. Клубта капитан болып алаңға шыққаным мен үшін үлкен мәртебе. Әр ойында барымды салдым, жарақат алсам да, алаңға шығып ойнадым. Қазіргі сезімім алай-дүлей: бір жағынан мұңайып тұрмын, бір жағынан қуаныштымын. Мұңайып тұрған себебім үш жыл бойы үйіме айналған жылы мекенді тастап кетіп бара жатырмын. Бірақ бұл орта әрқашан менің жүрегімде қалады. Қуанатын себебім клубтың жағдайы өте жақсы, әрі алдағы уақытта да солай болатынына сенемін. Маған қолдау көрсеткен ойыншыларға, достарыма және клуб қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын!", – деді Офри Арад.


“Қайрат” клубының жұлдызды футболшысы командадан кетті


“Қайрат” футбол клубы тағы бір футболшысымен қош айтысты


Айта кетейік, Офри Арад "Қайрат" сапында үш маусым ішінде 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 08 Қаңтар, 2026 14:36