Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Чемпиондар лигасында "Барселона" мен "Интер" арасындағы ойын өтпей қалуы мүмкін

Фото: UEFA

Чемпиондар лигасындағы "Барселона" мен "Интер" арасындағы матч Испаниядағы төтенше жағдайға байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалы аясында 30 сәуірге жоспарланған испаниялық "Барселона" мен италиялық "Интер" арасындағы матчтың өту-өтпеуі белгісіз болып тұр. Бұған 28 сәуір күні Испания мен Португалияда орын алған ауқымды электр қуатының үзілуі себеп болды. Аталған оқиғаға байланысты елде төтенше жағдай жарияланды.

Энергетикалық жүйедегі ақау қоғамдық көлік, байланыс және түрлі инфрақұрылым нысандарының жұмысында үлкен іркілістер тудырды. Матч өткізілуі тиіс "Олимпик Льюис Компанис" стадионы да қауіп аймағында қалды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Барселона мен басқа да ірі қалаларда жарық ішінара қалпына келтірілген. Алайда жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. УЕФА мен жергілікті билік өкілдері жағдайды бақылауда ұстап отыр, әзірге матчты кейінге қалдыру туралы ресми шешім қабылданған жоқ.

Матч 30 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-де басталуы тиіс. Ойынның нақты тағдыры әзірге белсігіз.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 15:41
Талқылау