Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Чемпион қалай тамақтанады: Ангелина Лукастан аспаздық кеңестер

Ангелина Лукас – IBO, WBF, WIBF, WBC нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпионы. Қазақстандық спортшы рингте мықты, бірақ асүйде өз денсаулығына ерекше көңіл бөледі. 1XBET бренд-амбассадоры ауыр жаттығулардан кейін қандай тағамдарды дайындайтынымен бөліседі.

Дәмді тамақтанғанды ұнатамын, бірақ спорттық өмір салты өзіңе не жеу керектігін саналы түрде таңдауды талап етеді. Ұзақ салмақ тастаудан аулақ болу үшін әрдайым өзімді формада ұстауға тырысамын. Түрлі тағамдар әзірлеймін, дегенмен сүйікті рецепттеріммен бөліскім келеді.

Классикалық таңғы ас – Омлет

- жұмыртқаның 3 ағы + 1 сарысы

- брокколи, болгар бұрышы, шпинат

- кішкене майсыз ірімшік

- зәйтүн майы

Бұл таңғы ас тез дайындалады және бірнеше сағатқа қуат береді. Оны ланч-боксқа салып, жаттығудан кейін жеп алуға да ыңғайлы.

Сүйікті боул – жаттығу алдында және кодан кейін де тамаша таңдау

- киноа немесе булгур – 1/2 стақан

- тауықтың төс еті немесе тофу – 100 г

- шпинат, қияр, қызанақ

- хумус – 1 ас қасық

- зәйтүн майы, лимон, дәмдеуіштер

Бұл боулда ақуыз жеткілікті, күрделі көмірсулар мен талшықтар бар. Жылдам дайындалады, тойымды әрі пайдалы. Рингтегідей: нақты, қуатты, артық ештеңе жоқ.

 

Егер күшім қалса, сүйікті детокс сусынымды дайындағанды ұнатамын. Қарқынды жаттығудан кейін ішуге тамаша нұсқа:

су + лимон + жалбыз + қияр, дәміне қарай аздап зімбір

Кешкі жаттығудан кейін осы сусын артық сұйықтықтың жиналуын болдырмай, ағзаның тез қалпына келуіне көмектеседі.

Ең бастысы – өзіңізге ұнайтын тағамдарды жеуге болады, бірақ майлы тағамдарды артық тұтынбаған және тәттіге тым үйір болмаған дұрыс. Алда әлем чемпионы және 1XBET амбассадоры Ангелина Лукастан тағы да пайдалы кеңестер күтіңіз!

 

Талқылау