Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ChatGPT арқылы дайындалған украиналық спортшы Паралимпиадада күміс медаль жеңіп алды

Максим МурашковскийФото:BBC

Миланда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында ерекше оқиға орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Украиналық Максим Мурашковский биатлон жарысында күміс жүлде жеңіп алды. Әдетте спортшылар жеңіске жеткен соң отбасы мен жақындарына алғыс айтса, бұл жолы украиналық спортшы ChatGPT-ге алғыс білдірді.

"Соңғы алты ай бойы мен ChatGPT арқылы жаттығып, дайындалдым. Мен оны психолог, жаттықтырушы, тіпті кейде дәрігер ретінде де пайдаландым. Сол себепті ChatGPT-ге алғысым шексіз. Бұл революциялық технология", – деді Максим Мурашковский.

Айта кетейік, 25 жастағы Максим Мурашковскийдің көзі нашар көреді.

Қазіргі таңда украиналық спортшылар Паралимпиада ойындарының жалпы кестесінде 10 жүлдемен екінші орынға жайғасқан. Ал Қазақстанның еншісінде бір ғана қола жүлде бар. Оны Ербол Хамитов жеңіп алды.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 22:22