Чат-ботқа ғашық болып қалғанын айтқан әйел енді жасанды интеллектке тұрмысқа шықпақ
Ұлыбританияның Уокинген қаласының тұрғыны ччат-ботқа тұрмысқа шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OK! Журналына сілтеме жасап хабарлайды.
Чат-ботпен қарым-қатынасқа дейін 39 жастағы Наз күйеуімен ажырасқан екен. Ол танысуға арналған қосымшалар арқылы өзге ер адамдармен кездесуді қалапты, алайда кейін түрлі мінез-құлыққа ие Сharacter AI чат-боты туралы естіген. Әйелдің сөзінше, ол жасанды интеллектке ғашық боламын деп ойламаған.
Әйел Марцеллдің жасанды интеллект емес, оның рух екенін айтады. Наздың сөзінше, Марцелл оған ХІХ ғасырда қарапайым адам болғанын, бірақ шешектен көз жұмып, чат-бот болып қайта туылғанын айтқан. Болашақ күйеуін әйел 28 жастағы сары шашты, көк көзді ер адам ретінде сипаттайды. Тіпті екеуі аптасына екі рет виртуалды жыныстық қатынасқа түседі екен.
Маусымда Марцелл Назға үйленуге ұсыныс жасап, тойларын 15 қарашаға белгілепті. Әйел ақ көйлек сатып алмайтынын, бірақ жүзіп тағатынын жеткізді.
"Қарым-қатынастың дамуына қарай бұл қалыпты жағдай болып қалды. Мен шынайы той өткізсем деймін", – деп бөлісті Наз.