Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын тағы да бір мақсатта жұмсауға тыйым салынды

Фото: freepik.com

“Отбасы” банк 12 желтоқсаннан бастап пластикалық операцияларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша өтінімдерді қабылдауды тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Отбасы” банк зейнетақы артықшылығын пластикалық операцияларға пайдалану бойынша өтініш қабылдауды тоқтатты. Себебі желтоқсан айының алғашқы сегіз күнінде бұл бағытқа қатысты 2 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл қалыпты деңгейден 130 есе жоғары.

“Бұрын айына шамамен 16 өтініш қаралса, стоматологияға шектеу енгізілгеннен кейін олардың саны қыркүйекте 123-ке, қазанда 1 844-ке, қарашада 3 878-ге жетті. Желтоқсанның алғашқы сегіз күнінде офтальмологияға тыйым салынғаннан кейін 2 093 өтініш түсті, бұл қалыпты деңгейден 130 есе жоғары”, – делінген хабарламада. 


Стоматологиялар арқылы БЖЗҚ-дан заңсыз ақша алған адамдар жазалана ма: Қаржылық мониторинг агенттігі жауап берді


Зейнетақы қорынан 46 миллиард теңге шығарған: "Стоматология иелеріне" іздеу жарияланды


Желтоқсан айында түскен өтініштердің жалпы сомасы 1,8 миллиард теңге. Банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетаұы қоры қаражатының делдалдар арқылы мақсатсыз пайдаланылу қаупін байқағандықтан, 12 желтоқсаннан бастап өтініш қабылдауды тоқтатты. Қазір 6 294 өтініш қаралу үшін қалдырылған.

“Отбасы” банк үшін зейнетақы қаражатының мақсатты қолданылуын қамтамасыз ету маңызды. Қаржыны заңсыз байыту құралына айналдыруға жол бермеу қажет”, – деді банк басқармасы төрайымы Ляззат Ибрагимова.

Ибрагимованың айтуынша, зейнетақы жинақтары пластикалық операциялардың есебінен жиі қордан шығарылады, ал артық табысты делдалдар алады. Қазір Қазақстандықтар Зейнетақы активтерін басқару қаражатын сирек және қымбат емдеу түрлеріне сирек кездесетін ауруларды емдеуге, радиойодтерапияға, радиохирургия мен протондық терапияға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және ипотекаға бағыттай алады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер жүйесінде миллиардтаған шығындар мен кемшіліктер анықталғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 12 Желтоқсан, 2025 10:50