Cartier жүзігі мен білезігі, изумруд тасты сырғалар: Қазақстандық олигархтың тәркіленген зергерлік бұйымдары бес миллион теңгеге сатылды
Фото: E-Qazyna
Қазақстандық олигархтан активтерді қайтару туралы мәміле аясында тәркіленген зергерлік бұйымдардың бір бөлігі аукционда сатылды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
KUVA E-Qazyna платформасында бес лот бойынша аукциондар өткенін хабарлады. Аукцион 23 сәуірде өтті. Бірінші рет сатылмай қалған бірнеше зергерлік бұйымдар аукционға шығарылды.
Аукционға 2,6 миллион теңгеге қойылған Cartier Love білезігі мен жүзігі жаңа иесін тапты. Белгісіз сатып алушы оларды бастапқы бағамен сатып алды. Сондай-ақ аукционда 612 мың теңгеге изумруд тасты сырғалар, 1,6 миллион теңгеге аквамарин тасты ақ алтын сақина, 223,9 мың теңгеге гауһар тасты алтын сақина сатылды”, – делінген хабарламада.
Cartier Love білезігі мен жүзігі – 2,6 миллион теңге
Аквамарин тасты ақ алтын сақина – 1,6 миллион теңге
Жоғарыда аталған лоттардың барлығы да бастапқы бағамен өтті. Жалғыз қымбатқа сатылған зергерлік бұйым – інжу-маржаны бар гауһар сырғалар. Олардың бастапқы бағасы 272 мың теңге болса, олар 329,1 мың теңгеге сатылды.
Інжу-маржаны бар гауһар сырға – 329,1 мың теңге
Қазақстандық олигархтардың біріне тиесілі әшекей бұйымдары үшін мемлекетке барлығы 5,4 миллион теңге түскен. Бұл – KUVA сатуға тырысатын зергерлік бұйымдардың кішкене бөлігі ғана.
Изумруд тасты сырға – 612 мың теңге
Еске салсақ, олигархтар Қазақстанға миллиард доллардан артық қаражат қайтарғаны айтылды.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
