Бүркіт режиссерлігіне күмән келтіргендерге: Мен түсірген фильм мықты шықты
Ел танитын әншіге айналған Бүркіттің ендігі арманы білікті режиссер атану! Ол үшін Аишаның күйеуі аянып қалмақ емес. Бүркіттің режиссер ретінде таспалаған алғашқы фильмі бүгін, яғни 30 қараша күні жарыққа шығады. Бұл ретте Бүркіт түсірілім барысында кездескен қиындықтар мен өзіне сенбеген актерлер жайында әңгімелеп берді.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Бүркіт фильм түсіруді жастайынан армандаған. Тіпті, кинокартина сценарийін осыдан 9 жыл бұрын жазып қойғанын айтады. Алайда шетелдегі жағажайлардың бірінде жазылған ол сценарий сол күйі сөреде қалып қойған көрінеді. Себебі:
“Ол күрделі сценарий болатын. Оны түсіру үшін кемі 500 мың доллар қаражат керек болды. Сондықтан өзгертуге тура келді. Ал “Апан” фильмінің жобасын мен Мальдив аралдарында жатып дайындадым”, – дейді Бүркіт.
Режиссер Бүркіттің айтуынша, триллер жанрындағы жаңа фильмнің жастарға берер тәрбиесі мол.
“Мақтанып, кеуде кергенді жақсы көретін заманауи жастар туралы фильм. Қиын жағдайға тап болған кезде олардың бетпердесі шешіледі. Әркім өзінің қандай адам екенін көрсетеді. Жалпы таза өз қиялымнан туған сценарий”, – деп сендірді Бүркіт.
Сапалы фильм түсіру үшін Бүркіт мырза екі айға жуық кастинг өткізіп, жас әрі талантты актерлерді іздеген. Айтуынша, сол шақта оған режиссер ретінде сенімсіздік танытқан актерлер қарасы көп болған.
“Маған ешкім сенген жоқ. Кастингке кірген адамдардың бірінші сұрағы: “Режиссер кім?” – Бүркіт. Бәрі қарап қалатын, көбісі менімен суретке түсу үшін келетін”, – деп еске алады режиссер.
Бүркіт фильмнің сапалы әрі қызықты шыққанына сенімді. Сондықтан да ол режиссерлік қызметін жалғастырмақ. Жаратқан амандығын берсе, Бүркіт алдағы көктемде екінші фильмін таспаламақшы.
Жіберіп алмаңыз:
Жеңіс Ысқақова: Келінімді қыздай көремін деген өтірік әңгіме
Ерке Есмахан дүркіреп өткен туған күніне әншілерді шақырған жоқ (фото, видео)
Әнші Әmre Чехиядағы байқаудан Гран-При ұтып алды
Қысқа етекті ақшақар: Мәдина Сәдуақасова тағы да сынның астында қалды (фото, видео)