Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы шотында қаржының неліктен азайғанын түсіндірді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың есепшотындағы қаржының неліктен азайғанын түсіндіріп берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

БЖЗҚ

Бұған дейін азаматтар өз есепшоттарында жиналған қаржының біршама азайғанын мәлімдеген еді. БЖЗҚ мәліметінше, барлық зейнет жинақтарының 30%-ы шетелдік валютаға ауыстырылады. Салдарынан наурызда доллар бағамы төмендегендіктен, инвестицияның валюталық бөлігі де айтарлықтай төмендеген. 

Әр сейсенбі сайын БЖЗҚ валюта бағамының өзгеруіне байланысты қайта есептеу жүргізеді. Нәтижесінде салымшылардың шотындағы қаржы апта сайын өзгеріп отыруы мүмкін. 

"Қазақстандықтардың ақшасы Қазақстанға жұмыс істеуі керек. Сәйкесінше түрлі қатердің алдын алу үшін қаржының бір бөлігін өзге валютаға инвестициялау туралы шешім қабылданды", – деді БЖЗҚ АҚ Астанадағы филиалының директоры Мұрат Шәріпов. 

Қор мәліметінше зейнет жинақтарының бір бөлігін өзге валютаға инвестиция жасау халықаралық тәжірибеде бар екен. 

Талқылау