Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ қандай жағдайда зейнетақы жинағын алдын ала шешіп алуға болатынын мәлім етті

Зейнетақы жинағын баспана алу, оқу ақысын төлеу мақсатында алдын ала шешіп алу мәселесі әлі талқыланып жатыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен БЖЗҚ басшыларының брифингінде мәлім болды.

MG_0292-1

«Мұндай тәжірибеге талдау жасап жатырмыз. Өзге елдердің тәжірибелері ескеріліп жатыр. Бола қалған жағдайда да ақша адамдардың өзіне емес, медициналық мекемелердің шотына, банктерге төленуі мүмкін», – деді басқарма төрайымы Сәуле Егеубаева. Оның айтуынша, ақша болашақта зейнетақы алуға мүмкіндік беретін сомадан артық болған жағдайда ғана берілуі тиіс.

«Ер адамдар үшін бұл сома – 8 млн теңге, әйел адамдар үшін 9 млн. теңге», – деді Егеубаева. Айта кету керек, зейнетақы жинағын оқу, баспана алу мақсатында алдын ала алу туралы ұсыныс қоғамда қызу талқыланған болатын. Ал банкирлер мен депутаттар аталған жүйені терең зерттеп барып кірісу керектігін айтқан еді.

Бүгінгі күні зейнетақы жинағы зейнет жасына жеткен І, ІІ топ мүгедегіне (мүгедектігі өмір бойы жазылмайтын болса);

Қазақстаннан тұрақты мекеніне кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқтарға;

Алар жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда мұрагеріне беріледі;

Тағы да оқыңыз:

Министр зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

Бас мүфти Ақтөбеде мүгедек адамы бар отбасыға баспана сыйлады

Қазақстанда ең көп жалақыны қай сала қызметкерлері алады

Талқылау