Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы мөлшері белгілі болды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең көп зейнетақыны атады. Қордың мәліметінше, жасы бойынша ай сайынғы ең жоғарғы төлем 522 610 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2021 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Барлығы 73,8 млрд теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның ішінде:
- біржолғы зейнетақы төлемдері - 49,6 миллиард теңге;
- сақтандыру ұйымдарына аударымдар - 9,1 миллиард теңге;
- зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер - 6,5 миллиард теңге;
- мұрагерлік бойынша төлемдер - 5,9 миллиард теңге;
- тұрақты тұруға кетуге байланысты - 2,1 миллиард теңге;
- жерлеуге төленетін төлемдер - 0,4 миллиард теңге;
- мүгедектік бойынша төлемдер - 0,2 миллиард теңге.
Айта кетейік, кесте бойынша зейнетақы жасына жетуіне байланысты ай сайынғы орташа төлем сомасы 25 886 теңгені құрады, ал ең жоғарғы төлем - 522 610 теңге.
45 жыл еңбек стажым бар. Оның 13,5 жылын зиянды өндірісте (болар құйу цехында) жұмыс жасадым. 58 жастан 63 жасқа дейін,(пенсияға .шыққанға дейін) 2ші тізіммен жәрдемақы алдым. Ал пенсияға шыққаннан кейін зиянды өндірісте жұмыс жасағаным үшін төлем төленбейтін болды. Сонда денсаулық зинды өндірісте істегеннен жақсарып кетті дегені ма?! Неге сол зиянды өндірісте жұмыс жасаған үшін алып жүрген жәрдемақы пенсияға қосылып төленбеді?!