Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖБ мен ТЖБ: Қостанайлық ата-аналар қазіргі бағалау жүйесіне наразылығын білдірді

Оқушылардың білімін бағалаудың жаңа жүйесі ата-аналар тарапынан да, балалар тарапынан да көптеген шағымдар мен наразылықтар туғызуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Alau сайтына сілтеме жасап.

оқушылар

Қостанайлық оқушылар көптеген БЖБ, ТЖБ тестілері мен бағалаудың қазіргі форматына көңілі толмайды. Олардың айтуынша, бір күнде 3-4 бақылау жұмысын жазу қиындық туғызады. Білім бөлімінде түсіндірілгендей, бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындауға 20 минут уақыт беріледі. Ал тоқсан соңында тоқсандық жиынтық бағалау тесті алынады.

"Тоқсандық жиынтық бағалаудың өзіндік бағасы бар. Білім министрінің бұйрығына сәйкес, бір күнде үш ТЖБ-дан артық өткізілмейді. Сондай-ақ, бір пән бойынша БЖБ және ТЖБ бір күнде өткізілмейді. Тоқсан аяқталуының соңғы күні ТЖБ өткізілмейді", – дейді қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Алтынай Бектұрғанова.

Сондай-ақ, қостанайлық ата-аналар тестілеу бойынша баға қою әдісіне қарсылықтарын білдірді. Олардың айтуынша, балалардың сырқаттанып жатқанына қарамастан, БЖБ мен ТЖБ тапсыру үшін  орындау үшін оларды мұғалімдер ауруханадан шақыртып алады. Алайда мұны істеуге ешкімнің құқығы жоқ.

"Науқас баланы мектеп шақыруға ешкімнің құқығы жоқ. Өйткені оған босату қағазы беріледі. Бала сауығып кеткеннен кейін емханадан анықтама алады. Анықтамасын мұғалімге көрсетіп, тапсырмаларды кейіннен орындайды", – деді Бектұрғанова.

Егер бала тоқсанның соңында ауырып қалса, бұл жағдайда мәселені шешудің екі нұсқасы бар. Тоқсандық бағаны оқушының осыған дейінгі бағалары, БЖБ нәтижесі арқылы қояды. Одан бөлек, баланы демалыс уақытында шақырта алады.

Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі БЖБ, ТЖБ кестесі алдын ала шығарылып қоятынын атап өтті. Егер келіспеушіліктер байқалса, ата-аналар білім бөліміне хабарласа алады. Оларға белгілі бір шаралар қолданылады", – деді Алтынай Бектұрғанова.

Бақылау бөлімдерін өткізу кестесі мұғалімдер бөлмесінде болуы керек. Ата-аналар оны класс жетекшісінен сұрап біледі.

Талқылау