Бұзақылық, ауа райы қолайсыздығы, ақаулар: Шымкентте рейстің 20 сағат кешігуіне байланысты жолаушылар ашуланды
Әлеуметтік желіде Алматыдан Шымкентке ұшып бара жатқан жолаушылар көп қиындыққа тап болды. Олардың сөзінше, рейс бірнеше рет кейінге қалдырылып, техникалық ақаулар, ауа райының қолайсыздығы және ұшақта бұзақылық болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Алматыдан Шымкентке ұшуды жоспарлаған қазақстандықтар осы ұшуды нағыз сынақ деп атады. Желіде жарияланған кадрларда жолаушылар әуежайдағы тіркеу орнында жиналып, рейстің бірнеше рет кешіктірілуі мен тоқтатылуына шағымданған. Видео авторының айтуынша, FS7105 рейсі 2 қаңтарда ұшуы керек болған. Бірақ оны алдымен 20 сағатқа кешіктіріп, кейін толығымен тоқтатқан.
Оқиғаның мән-жайын FlyArystan әуе компаниясына түсіндіріп берді. Әуе компаниясының өкілдері Алматы-Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкентке қона алмай, қайта Алматыға қайтарылғанын айтты. Шымкенттегі қалың тұман мен нашар көріну қауіпсіз қонуға мүмкіндік бермеген.
"2025 жылдың 2 қаңтарында Алматы-Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсі Шымкенттегі қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты кері бағытталды. Шымкентте қалың тұман мен төмен көріну деңгейі қонуға қажет ең төменгі талаптарға сәйкес келмеді. Рейс 2025 жылдың 3 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша 09:20-ға шегерілді. Жолаушыларға екі рет сусындар мен ыстық тағам ұсынылды. Алайда ұшақты ұшуға дайындау кезінде жолаушылар тарапы артқы сол жақ есікті зақымдады", – деп хабарлады әуе компаниясы.
Кезекті кешігуден кейін рейс 14:30-ға ауыстырылды. Алайда қиындықтар мұнымен аяқталған жоқ.
"Әуе кемесін ауыстыру қажетіне байланысты рейс 14:30-ға шегерілді. Үшінші отырғызу кезінде экипаж шамамен алты адамнан тұратын бұзақы жолаушылар тобының бар екенін хабарлады. Бұл барлық жолаушыны толық түсіріп, ұшақты мұқият тексеруді талап етті. Осы рәсімдер барысында Шымкенттегі ауа райы тағы да нашарлап, тұман пайда болды. Жолаушыларға басқа рейстерге тегін қайта брондау немесе билеттердің толық құнын қайтару мүмкіндігі ұсынылды," – деп мәлімдеді әуе компания өкілдері.
Бұл уақытта ұшуға тырысқандардың көбі жағдайға наразылығын білдірді.
"Мен де FlyArystan рейсінде болдым, рейс төрт рет кешіктірілді. Бірақ компания басшылығы жолаушыларға ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Жағдайды түсіндірмеді, мұны ұят деуге болады," – деп жазды бір жолаушы.
Тағы бір жолаушының бірі әр рейстің кешіге беруі күлкілі емес екенін айтты. Оның сөзінше, басқа елдерге ұшуды айтпағанда, ішкі рейстер өте қымбат болып кеткен.
"Мен де 2 қаңтарда сағат 00:20-да ұшуым керек еді, бірақ рейс 19 сағатқа кешіктірілді және соңында Алматыдан Шымкентке ұшақ ұшып келмегендіктен тоқтатылды," – деп жазды тағы бір жолаушы.
Бұдан бөлек жолаушылар рейсті 20 сағат күткенін, алайда әуекомпаниялары бұл жағдайға түсініктеме бермегенін айтты.
@user1271937662138 #флайарыстан #flyarystan #ожидание ♬ оригинальный звук - Muhammedjan
Еске салайық, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайы 8 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірге бағыт алған рейстің уақытын кейінге шегерді. Әуежай сайтындағы ақпаратқа сенсек, бүгін Шымкентке, Ақтауға, Новосібірге, Шри-Ланкаға, Астана, Атырауға ұшатын рейстер кейінге қалдырылған. Ұшақтардың нақты қай уақытта ұшуы мүмкін екені көрсетілмеген.