Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"БҰҰ жарғысын сақтау қажет": Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Курск облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Курск облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: EPA-EFE/RUSSIAN DEFENCE MINISTRY

Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның барлық елдерге арналған БҰҰ жарғысын сақтауды қолдайтынын алға тартты.

"Шынында да, бүгінде бүкіл әлем Ресей Федерациясының Курск облысындағы жағдайларды үлкен алаңдаушылықпен бақылауда. Қазақстан әрдайым барлық елдердің мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидатын нақты белгілеген БҰҰ жарғысын сақтауы қажеттігін атап өткім келеді. Осыған байланысты біз мемлекеттер арасындағы барлық қақтығыстарды саяси-дипломатиялық құралдарды кеңінен қолдана отырып, тек қана бейбіт жолмен шешуді қолдаймыз", - деді Смадияров.



Қазақстан СІМ өзара қолайлы шешімдерді сындарлы іздеуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың кез келген күш-жігерін құптайтынын атап өтті.

Еске салсақ, Украина Ресейдің Курск облысына басып кірген еді.

Талқылау