Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҰҰ Қазақстанға су тапшылығы туралы ескертті

Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Қазақстанға ескерту жасап, су мәселесін шешу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Бейсенбі күні елордада БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Қазақстан арасындағы су ресурстарын тұрақты басқару саласын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Су тапшылығына байланысты мамандар елге шұғыл реформалар қажет деген қорытындыға келді.

БҰҰ дерегі бойынша 2022 жылы Қазақстанның су ресурстарына жүктеме 34,6%-ға жеткен. Бұл елде су тапшылығы байқалатынын көрсетті. Негізгі проблемалар – суды тиімсіз пайдалану, суару жүйесіндегі ысырап және трансшекаралық өзендерге тәуелділік.

"Қазақстандағы жер асты суларын пайдалану –  дәл қазір назар аударуға болатын дамудың перспективалы нұсқасы. Дегенмен жер асты суларының ресурстары біркелкі таралмаған және олардың сапасы біркелкі емес, – деді БҰҰ өкілі Виорел Гуту.

Отырыста ұсынылған шешімдердің қатарында Арал теңізі бассейніндегі су ресурстарын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесін құру болды.

"Бірыңғай автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізу бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу маңызды. Бұл су ресурстарын басқару тиімділігін арттырып, суды әділ бөлуге жағдай жасайды", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұржан Алдамжаров.

Тағы бір басымдық – азық-түлік шығыны мен ысырапты азайту. Бұл шектеулі су ресурстарына қысымды азайтуға және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары мен Қазақстан шенеуніктері елге су ресурстарын басқару жүйесін шұғыл түрде реформалау қажет, әйтпесе ел ауқымды су дағдарысына тап болады деген ортақ пікірге келді. Мәжіліс жаңа су кодексін қабылдады.

Талқылау