БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэладағы операциясына байланысты шұғыл отырыс өткізеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы жүргізген операциясына байланысты дүйсенбі күні шұғыл отырыс өткізеді. Жиын 5 қаңтар, дүйсенбі күні өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Төрағалық дүйсенбі күні Гринвич уақыты бойынша сағат 15:00-де шұғыл отырыс өткізуді жоспарлап отыр", – деп мәлімдеді Сомалидің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі баспасөз хатшысы Хадиджа Ахмед.
Қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету міндеті ай сайынғы ротация аясында Сомалиге тиесілі.
Еске салайық, Николас Модуро Нью-Йоркке жеткізілген еді. Ал Венесуэла вице-президенті елдің "ешкімнің" отары болмайтынын мәлімдеді.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік