Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бюджеттен басқа қаржыландыру көзі жоқ": СҚО әкімі "Қызылжар" клубына бөлінген 2 миллиард теңгенің қайда жұмсалатынын айтты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов "Қызылжар" футбол клубындағы қаржы жымқыру дерегіне пікір білдіріп, клубтың болашағы жөнінде айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/fcqyzyljar

Ғауез Нұрмұхамбетовтің сөзінше, футбол клубына бюджеттен 2 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 1,2 миллиард теңгесі клубқа бағытталады.

"Қалған 800 миллион теңге футбол орталығы мен "Жастар" балалар футболына арналған. Басқа қаржыландыру көзі жоқ, меценадтар тарапынан да ақша алмайды. Сондықтан бюджеттен қаржы аламыз. Ал футбол клубының басшылығына қатысты қаржы жымқыру дерегі туралы әзірге ештеңе айта алмаймын. Тергеу қорытындысына қарайық, күтейік. Қазір маусым аяқталып жатыр. Содан кейін футболшылармен кездесеміз", – деді ол.

СҚО әкімінің айтуынша, аймақта "Қызылжар" клубындағы легионерлер санын қысқарту да қолға алынбақ. 

"Бүгінде футбол клубында легионерлер бар. Олардың санын қысқарту мәселесі алға қойылған. Бірақ легионерлер санын бір жылда азайта алмаймыз. Проблеманы шешу үшін ең астынан бастау керек", – деп толықтырды аймақ басшысы. 

Талқылау