Бюджеттен 6,7 миллион теңге жымқырған "ҚазАвтоЖол" филиалының экс-басшысы сотталды

“ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі мен қауіпсіздік қызметі компанияда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Тексеріс барысынеда бұрынғы басшының мемлекет қаржысыны жымқырғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеру жұмыстары кезінде 2024 жылы КАЖсервис ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облысындағы филиалында жалған қызметкерлер арқылы бюджеттің жымқырылағын анықталды. Яғни, жұмыс істемейтін адамдарды қағаз жүзінде жұмысқа қабылдап, соларға жалақы жазып, ақшаны иемденіп отырған.
Тексеру жұмыстарына комплаенс және қауіпсіздік қызметі бастамашы болған. Оның қорытындысы бойынша тиісті материалдар процестік шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданды.
“Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған құқық бұзушылыққа филиалдың бұрынғы директорының қатысы бары анықталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Өскемен қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 2025 жылғы 1 желтоқсандағы үкімімен аталған тұлға қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) кінәлі деп танылып, 2 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды”, – деп мәлімдеді “ҚазАвтоЖол” ҰҚ” АҚ.
- 120 миллион теңгеге алаяқтық жасаған Атыраудағы жекеменшік мектеп басшысы сотталды
- "Алтын өндіруге рұқсат беру үшін 4,5 миллион теңге сұраған": ШҚО-да облыстық экология департаментінің басшысы сотталды
Прокуратураның апелляциялық наразылығы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы істі қайта қарап, жаза мерзімі 3 жыл 6 айға дейін ұзартылды. Сондай-ақ мемлекетке келтірілген 6,7 миллион теңге көлеміндегі залал өндіріліп, толық көлемде өтелді.
Бұған дейін 500 миллион теңге жымқырған Түркістан облысында білім бөлімінің бұрынғы басшысы 7 жылға сотталған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған