Бюджет түсімі жоспардағыдан аз: Мәжілісте 2024-2026 жылға арналған бюджетке енгізілетін өзгерістер талқыланды
27 қарашада мәжіліс депутаттары “2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Мәжіліс отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндам оқып, республикалық бюджет пен Ұлттық қор табысына қатысты мәселелер талқыланды. Оның сөзінше, бюджет түсімі 2024 жылы 14,1 триллион теңге болған. Бұл болжамнан 2 триллион теңгеге аз.
“Оның ішінде салық түсімдері бойынша 3 триллион теңгеге азайып, салықтық емес түсімдер бойынша 1 триллион теңгеге, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша 3 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің 2024 жылға арналған нақтыланған болжамы бекітілген жоспарға қарсы 1,4 триллион теңгеге азайтыла отырып, 4,5 триллион теңге сомасында айқындалды. 2024 жылға арналған трансферттер түсімдері бойынша нақтыланған болжам бекітілген жоспарға қарсы 2 триллион теңгеге ұлғаюмен 6 триллион мың теңге сомасында айқындалды”, – делінген заң жобасына қатысты қорытындыда.
Жобаға сәйкес Ұлттық қордан нысаналы трансферт 3,6 триллион теңге болған, оның ішінде 2 триллион теңге қосымша тартылып отыр.