Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бюджет тапшылығына қарамастан өткізілетін Астана экономикалық форумына 4,5 миллиард теңге жұмсалады

Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сенат брифингінде Астана экономикалық форумын өткізуге 4,5 миллиард теңге жеткілікті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

форумФото: primeminister.kz

Серік Жұманғариннің сөзінше, 4,5 миллиард теңгенің тек 1,4 миллиарды ел бюджетінен алынса, қалған сома демеушілер тарапынан тартылмақ. 

“Бұл форумның тарихы 2008 жылы басталды, 17 жыл. Ковид кезінде 2 жыл өткізілмеді, сосын 2024 жылы су тасқынына байланысты өткізілген жоқ. Бұл – Қазақстанның визиттік картасы. Мұндай форумдар Қазақстанға керек. Форум осында (Қазақстанға – ред.) танымал, салмақты, белсенді адамдарды тартады. Әлем елдерінен президенттер, бизнесмендер келеді. Қазақстанды көрсетеміз, қаражат тартамыз. Неге өткізбеске, өткіземіз! Бірақ биыл үкіметтің қаулысымен қаражат жетпесе, бюджеттен аламыз. Маған берген тапсырма бойынша қаржыны демеушілер арқылы тарту керек. Мүмкіндік болса, бюджеттен мүлде қаржы алынбайды. Жалпы айтқанда, бізге форумды өткізуге 4,5 миллиард теңге жеткілікті", – дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін Астанада бюджет тапшылығына қарамастан экономикалық форум өткізілетінін хабарлаған едік. Сондай-ақ форумды өткізуге жауапты комитет құрамы да бекітілген. 

Талқылау