Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұршақ жауып, дауыл болады: Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

бұршақ жауып, дауыл болады, ауа райы ескертуФото: depositphotos.com

Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазгидрометтің мәліметінше, 28 маусым күні түнде Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады деп болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында да күндіз найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 28-29 маусымда облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 28-29 маусым күндері төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында да найзағай болады. 


Павлодар мен Екібастұзда қатты желден ағаштар құлап, көліктерді басып қалды (видео)

Павлодарда қатты желден құлаған ағаш бұтасы такси жолаушысының кеудесіне қадалып қалған


Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының түнде солтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл болады. Жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында екпіні 23-28 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл болжанады. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай түседі. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, шығысында қатты жаңбыр жауады. Найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. 

28 маусымда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай болады. Түнде облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысында найзағай болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында қатты дауыл салдарынан облыстың үш қаласында және бірқатар ауданында төтенше жағдай жарияланған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 27 Маусым, 2025 22:49
Талқылау