Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұрынғымен салыстырасың": Алтынай Жорабаева күйеуін ел алдында мақтады

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева күйеуінің қамқорлық жасайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/

Өнер иесі жолдасының ерекше қасиеттерін айтып, қыз-келіншектерге кеңес берді. Тіпті барлық жағдайын жасап қоятынын жеткізді

“Көлігімнің майын ауыстырып, ішетін суыма дейін дайындап қояды. Әлішердің осындай қамқорлығын көрсеткенде көп әйел маған ренжиді: “Сіз осылай айтасыз, біздің еркектеріміз мұның біреуін де істемейді” деп жазады. Олай ер-азаматтарыңызға ренжімеңіздер! Әдей мақтанып немесе сіздерді шағыстырып отырған жоқпын. Бұл кісінің табиғаты сондай. Бірақ “Бұрынғымен салыстырасың, “қандай болдым” деген сияқты ойлардың болатыны жасырын емес. Кейде өзінен де сұраймын: “Неге осылардың бәрін өзің жасайсың, маған неге жасатқың келмейді” деп. “Мұндай тірліктер менің еркек ретіндегі – міндетім. Менің қалауым. Өзім осындай қамқорлық жасағаннан ләззат аламын. Кім не ойласа да – ол оның ойы” деді. Осындай сөздеріне қуанамын”, – деді әнші. 



Еске салайық, өнер иесіне жолдасы тек киімдері ғана тұратын төрт бөлмелі пәтер сыйлағанын жазған едік. 

“Миым айналып отыр. Әлішер екеумізге көрші пәтерді сатып алды. Енді ол пәтерде асхана да, ештеңе болмайды. Көбіне менің киімдерім, гардероб болады деп отырмыз. Төрт бөлмелі, 180 шаршы метр. Біздің жеке жатын бөлмеміз де сонда болады. Қазір жөндеуді бастадық. Бәрін өзгертіп, әдемілеп жасап аламыз", – деген еді эстрада жұлдызы. 

Талқылау